aa.com.tr

Түркияда тағы да жер сілкінді

25.07.2023 14:37

Түркияның оңтүстігінде 5,5 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сейсенбіде Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Түркияның оңтүстік Адана провинциясының Қазан ауданында 5,5 баллдық жер сілкінісі болды. Зілзала жергілікті уақыт бойынша 08:44-те тіркелді.