Түркияда тағы да жер сілкінді
Мөлдір Қайнар тілші
19.04.2024 09:30
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің ТЖД ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 20:11-де тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.
Жер сілкінісінің салдары туралы әлі деректер тіркелген жоқ.

