Түркияда соңғы 30 жылда болмаған үсік жүрген
14.04.2025 09:36
Фото:
жасанды интеллект DALL-E-3
Түркияның кейбір өңірлерінде үш күнде соңғы 30 жылда болмаған үсік тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы республиканың ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы X әлеуметтік желісінде хабарлады.
Соңғы үш күн ішінде ауа температурасы кей жерлерде -15 градусқа дейін төмендеді, ал кейбір аймақтарда соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіштер тіркелді, — деді министр.

