Жаңалықтар

Түркияда қазақ киносының көрсетілімі өтті

Түркияда қазақ киносының көрсетілімі өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігі 12.08.2024 02:35 363

Стамбұлда қазақстандық «Почти Мачо» комедиясының түркиялық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған жабық көрсетілімі өтті. Ал бүгіннен бастап фильм Түркияның 80-нен аса кинотеатрында көпшілік көрерменге ұсынылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақ киноларынан түрік тіліне тек тарихи фильмдер аударылған, ал жастарға арналған комедия жанрындағы фильм алғаш рет көрсетіліп отыр. Көрсетілімге жиналғандар фильмге жоғары баға берді. Картинада анасы аз уақытта үйлендіргісі келетін Дамир атты жас жігіттің басынан өткен қызықты оқиғалар сәтті өрілген.

Неғұрлым басқа мәдениетті және киносын танысақ соғұрлым бір қадам алдыда жүреміз деп ойламын. Біз тек қана Түркия нарығына емес бүкіл әлемге қазақ киносын танытамыз деген жоспарымыз бар. Жақында Қазақстан Америка сопродукция фильмге дайындық жүріп жатыр. Ол жерде Голливудтың танымал актерлары және Англияның, Түркияның танымал актерлары ойнайды, - деді Фильмнің Түркиядағы продюсері Надира Ахонова.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға