Түркияда президенттік сайлау күні жер сілкінісі болды
15.05.2023 01:28
Фото:
Pixabay.com
Түркияда 14 мамыр, президенттік және парламенттік сайлау күні, жер сілкінісі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Зілзала елдің орталық бөлігінде тіркелді. Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,7 болған.
Ал оның ошағы 5 метр тереңдікте болған.
Зілзала 8 600 тұрғыны бар Қахраманмараш провинциясындағы Андырын ауданынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде тіркелген.

