Жаңалықтар

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді
Фото: ©AP/Emrah GUREL 15.05.2023 17:50 1296

Түркиядағы президент сайлауында дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысы бойынша ешбір үміткер 50 пайыз жинай алмаған. Бұл дауыс берудің екінші кезеңі өтеді дегенді білдіреді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркиядағы президент сайлауында берілген дауыстардың 96,15 пайызын санау қорытындысында кандидаттардың қажетті 50 пайызды жинай алмағаны анықталды. Белгілі болғандай, сайлаушылардың 49,42 пайызы қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанға дауыс берген. Оның басты бәсекелесі Кемал Кылычдароғлу 44,88% дауыс жинады.

Түркия заңына сәйкес, егер кандидаттардың ешқайсысы дауыстардың жартысынан көбін жинай алмаса, сайлаудың екінші кезеңі өтуі тиіс.

Дауыс берудің екінші кезеңі Түркияда 28 мамырға белгіленді, - делінген хабарламада.

Ал Анкарада жүздеген адам дауыс беру нәтижесін күтіп отыр.

Түркияда президент сайлауымен қатар, парламент сайлауы да өтуде. Ол жерде дауыстарды санау 95 пайызды құрады. Алдын ала нәтижелер бойынша, биліктің «Әділет және даму партиясы» – 49,47%, оппозициялық «Республикалық халық партиясы» 34,09% дауыс жинаған.

Сайлау учаскелері жабылғанға дейін сайлау кезінде ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы 14 мамырда кешке Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Энер мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға