Түркияда электромобильдерге сұраныс рекордтық деңгейге жетті
2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында Түркияда 120 857 электромобиль сатылып, бұл жалпы нарықтың 18,5%-ын құрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 154%-ға артқан. "Анадолының" деректеріне сәйкес, 8 айда елде барлығы 654 мыңнан астам жеңіл автокөлік пен 162 мыңнан астам жеңіл коммерциялық көлік сатылған. Оның ішінде бензинді көліктердің үлесі айтарлықтай төмендеп (46,5%), дизельдік көліктердің де сатылымы азайған (8%).
Керісінше, экологиялық көліктердің сатылымы күрт өскен. Толық электрлі көліктер нарықтың 18,3%-ын, ал гибридтер 26,3%-ын иеленді. Жалпы алғанда, Түркиядағы әрбір төртінші сатылған көлік — электрлі немесе гибридті болған.
Тек тамыз айының өзінде 17,5 мың электромобиль (21,3%) және 19 мың гибридті көлік (23,1%) иесін тапты. Бұл елде жасыл технологияларға деген қызығушылықтың тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

