Жаңалықтар

Түркияда екі қазақстандық көз жұмды: СІМ өкілі жол апаты туралы айтты

Түркияда екі қазақстандық көз жұмды: СІМ өкілі жол апаты туралы айтты
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.09.2023 17:01 1006

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, апаттан зардап шеккен төрт қазақстандық бір отбасының мүшелері. Олардың екеуі көз жұмған, біреуі жансақтау бөлімінде, біреуі ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жол-көлік апаты болып, төрт қазақстандық зардап шекті. 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар қызы оқиға орнында көз жұмды. 1986 жылы туған азамат, сол әйелдің күйеуі ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр. Ал 2014 жылы туған ұлдары ауруханада жатыр. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - деді ол.

Оқи отырыңыз:

Министрлік өкілі отандастарымыздың Түркияға не үшін барғанын айтты.

Олар 31 тамызда Түркияға демалуға барған. Сафари джипке мініп, экскурсияға шыққан. Көлік басқа көлікпен соқтығысқан кезде, олар машинадан ұшып кеткен. Олар қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ішінде он бес адам болған, төртеуі қазақстандық. Көлікке 15 адамның қалай сыйғаны түсініксіз, - деді ол.

Смадияров көз жұмған «Қазақстан азаматтарының денесін елге жеткізу мемлекеттің есебінен жүргізіле ме?» деген сауалға жауап берді.

Бұл азаматтардың сақтандыру полюсі болған. Біздің дипломаттар зардап шеккен азаматтарымыздың туыстарымен байланыста. Бүгін-ертең олар Түркияға жетуі керек. Құқықтық көмек көрсетіледі, - деді өкіл.

Сондай-ақ Смадияров қазақстандықтарды жол-көлік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға