taksimcenazeisleri.com

Түркияда балалары қайтыс болған анасының орнына басқа біреуді жерлеген

Түркияда қайтыс болған әйелді қателесіп басқа біреудің орнына жерлеп қойған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Түркияның Кайсери қаласында 73 жастағы Фатма Адыбеллидің денесін мәйітханадан басқа марқұмның балалары қателесіп алып кетіп, өздерінің аналарының орнына жерлеген.

Марқұмның туыстары оның денесін бірнеше күннен кейін жерлеу үшін мәйітханада қалдырған. Дегенмен олар қайта барған кезде, мәйітті басқа адамдардың алып кеткенін анықтаған.

Оқиғаға құқық қорғау органдары араласуға мәжбүр болды. Әйелдің денесі қабірден қазылып алынып, қайтадан отбасылық зиратқа жерленді.