Түркияда автобус аялдамаға соғылды: жарақат алғандар бар
15.10.2025 23:14
Фото:
Видеодан алынған кадр
Ыстамбұлдың Чекмекей ауданында жолаушылар автобусы қатысқан ауыр жол апаты болды. Бұл туралы DHA-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус алдымен тұрақта тұрған таксилер мен жүк көлігіне соғылып, кейін автобус аялдамасына кіріп кеткен.
Оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқиға орнына өрт сөндіру, құтқару және жедел жәрдем бригадалары шұғыл түрде жіберілді. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол апатына байланысты тергеу басталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

