Түркияда ауқымды орман өртін сөндіру ауа райына байланысты өршіп барады
16.07.2023 15:29
Фото:
Видеодан кадр
Түркияның Чанаккале аймағында алапат өрт басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өртті тоқтату үшін әуеден тікұшақтар арқылы және өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Sputnik Түркия арнасының жазуынша, орман өртінің ауқымы уақыт өктен сайын кеңейіп барады.
Желді ауа-райына байланысты оны бақылауға алу да мүмкін болмай отыр. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, өртті тоқтату бойынша әуе және жерүсті операциялары жүргізілуде.
Бұрын Бодрумдағы ірі орман өрті туралы хабарланған еді. Өрт Түркияның оңтүстігіндегі Милас-Бодрум халықаралық әуежайының жанындағы аумақты шарпыған болатын. Өрт белгісіз себептермен Кайал ауылдары мен Мугла провинциясындағы әуежайдың жанындағы Кемикле арасындағы орманда пайда болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

