Gzt.com

Түркияда атақты актриса Ханде Эрчелге іздеу жарияланып, «Бешикташтың» экс-басшысы ұсталды

26.03.2026 13:00

Стамбұлда танымал кәсіпкерлер мен шоу-бизнес өкілдеріне қатысты ауқымды  тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл жолы да мәселе есірткіге келіп тіреледі. Бірқатар тұлғаларға қатысты қамауға алу туралы шешім қабылданды. Олардың арасында  «Сен есігімді қақ», «Гүнештің қыздары» сериалы арқылы қалың көрерменге танылған Ханде Эрчел де бар. 

Тергеуді Стамбұл қаласының бас прокуратурасы жүргізіп жатыр. Іс аясында «есірткі заттарын өндіру және сату», «есірткі қолдануды жеңілдету», «есірткі сақтау және пайдалану» баптары бойынша күдіктілер анықталған. 

Операция барысы

Жиналған дәлелдер негізінде Стамбұл полициясының есірткіге қарсы күрес бөлімшелері қала бойынша 16 мекенжайға бір мезгілде арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде 14 күдікті ұсталып,  2 адамға (оның ішінде актриса Ханде Эрчелге) іздеу, қамауға алу туралы шешім шығарылды.

Londra Gazete

Есірткі ісіне қатысты қоғамға белгілі бірнеше тұлғаның аты аталды. Олардың қатарында «Бешикташтың» экс-басшысы Фикрет Орман, «Галатасарайдың» бұрынғы басшысы Бурак Элмас, ағайынды бизнесмендер Хакан мен Керем Сабанджы, модельдер Гүзиде Дуран, Дидем Сойдан мен Тугче Өзбудак бар. Аты аталғандардың кейбірі ұсталып, тергеу жалғасып жатыр. Естеріңізде болса,  актриса Ханде Эрчел мен бизнесмен Хакан Сабанджы біраз жыл қыз-жігіт ретінде кездесіп, кейіннен айырылысып кеткен. Ханденің  тергеуге тартылуына осы қарым-қатынастың әсер етіп-етпегенін алда білетін боламыз.

Cуретте: Фикрет Орман, Onedio


Ханде Эрчелге қатысты жағдай

Тергеу барысында актриса Ханде Эрчелдің операция кезінде Түркияда болмағаны анықталған. Ол біраз уақыттан бері білім алу үшін шетелде, нақтырақ айтқанда Лондонда жүрген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Hande Erçel (@handemiyy)

Әуелде Түркия басылымдары оның демалыста жүргенін жарыса жазған. Артынша актриса әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, оқу оқып жүргенін айтты. Әрі өзі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан білгенін де қосқан. Ол шамамен бір айдан бері оқуына байланысты шетелде жүргенін айтып, жақын арада Түркияға оралып, ресми органдарға түсініктеме беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ актриса өз сөзінде Түркияға, мемлекетіне және түрік әділдігіне сенетінін атап өтті.

Бір ай шамасында шетелде білім алып жүрмін. Сіздер сияқты мен де жағдайды күні кеше білдім. Сол үшін елге оралып, тергеуге түсініктеме беріп, мәлімдеме жасаймын. Елін сүйетін, мемлекетіне, түрік әділдігіне сенетіндердің бірімін. Жағдай жақын арада шешіліп, әділет орнайтынына сенемін,  –  деді ол. 

Мұндай тергеу қайдан шықты?

2025 жылдың қазан айынан бері Түркияда есірткімен күрес күшейді. Соның ішінде талай танымал адамдар ұсталып, халық дүрлікті. Десе де көбі тергеу барысында ақталып (қан талдауы таза), босап шықты. Ішінде тұтылғандары бар бар. Әсіресе, өткен жылы танымал  актриса Бирдже Акалайдың, биыл актерлер Догукан Гюнер мен Исмаил Хаджиоглудың сынамасынан тыйым салынған препарат табылды. Осылайша, Догукан Гюнер мен Исмаил  Хаджиоглу жұмысынан айырылып, продюсерлік компаниялар маусымның ортасы екеніне қарамастан келісімшартты тоқтатты. Жарнама агенттіктері мен түрлі жоба да аталған актерлермен байланысты үзген. 

Cуретте: актер Догукан Гюнер, Onedio

Одан бөлек, актер Джан Яман, Эзги Эйюбоглу, Мелиса Денгөл, Метин Ақдүлгер, Беррак Тюзюнатач ұсталып, сынамадан тыйым салынған препарат табылған.