Түркия шетелдік футболшыларға лимит енгізді: Зайнутдиновтің тағдыры не болмақ
12.01.2024 12:46
Фото:
instagram.com/bateka_11
Түркияда жергілікті футбол клубтарында легионерлерге лимитті күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Суперлигадағы әр клуб шетелдік паспорты бар 14 ойыншыны қатарына қоса алатын. Бұдан былай 12 футболшымен шектелуге тура келеді.
Оқи отырыңыз:
- Рио олимпиадасының қола жүлдегері ақша бопсалағаны үшін қамауға алынды
- IBF рейтингі: қазақстандық боксшылардың жағдайы белгілі болды
Сөйте тұра өткен маусымда Түркия Қазақстан секілді түркітілдес елдердің өкілдері үшін шектеуді алып тастаған. Елдің футбол федерациясы осы ереже бойынша келісімшартқа қол қойған футболшылар келісім мерзімі аяқталғанға дейін легионер саналмайтынын мәлімдеді.
Осылайша, қазақстандық Бахтиер Зайнутдинов шектеулерден тыс қалып, 2027 жылға дейін «Бешикташ» сапында ойнай береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

