Ақорда

Түркия президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

12.06.2023 15:03

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.