Түркия клубы Қазақстанның үш ойыншысына қызығушылық танытып отыр
28.06.2023 23:32
Фото:
Қазақстан футбол федерациясы
Түркияның «Бешикташ» клубы Қазақстан құрамасының үш ойыншысына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Fotomaç мәліметінше, Түркияның 16 дүркін чемпионы жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА, Мәскеу), Арман Кеңесов («Ақтөбе») мен Эльхан Астановқа («Астана») назар аударған.
Түркия басылымы бұл тізімде Зайнутдинов көш бастап тұрғанын жазды. Өйткені Түркияда алдағы маусымда қазақстандықтар легионер саналмайды.
Түркия Суперлигасының қазіргі жеңімпазы — «Галатасарай».
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

