Түркия чемпионатында жарақат алған Зайнутдинов ауруханаға түсті
12.11.2023 22:35
Фото:
instagram.com/bateka_11 / instagram.com/besiktas
«Бешикташ» клубының қазақстандық ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды. Бұл туралы Prosports.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Зайнутдинов матчтың 41-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

