Жаңалықтар

Түркия билігі блогерлердің табысын бақылайтын болды

Түркия билігі блогерлердің табысын бақылайтын болды
Фото: Depositphotos.com 30.09.2024 11:42 382

Түркияда әлеуметтік желі арқылы ақша табатындарға арнайы салық салынатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Елдің Қаржы министрлігі қолданыстағы заңға енген өзгертулерге сай интернетте тауар сататындар мен түрлі контент арқылы ақша табатындардың арнайы мемлекеттік куәлік алып, банктен есепшот ашулары қажеттігін айтты. Сол есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады.

Бұл заң сондай-ақ, мобильді қосымша жасап, сол арқылы пайда табатындарға да қатысты болмақ. Дегенмен әзірге заң міндетті емес, тек ерікті түрде салық төлеуге итермелейді. Ал осы ереже бойынша салық төлейтіндер қосымша құн салығынан босатылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға