Түркістандық тұрғын діттеген жеріне жету үшін көшеде тұрған көлікті айдап кеткен
16.02.2024 03:15
Фото:
Түркістан облыстық Полиция департаменті
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 35 жастағы тұрғын көлік ұрлығына күдікті ретінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам кешкі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде көлік ұрлығына қатысы бар 35 жастағы тұрғын қолға түсті. Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні «Opel Vectra» маркалы көлігін Шымкент-Түркістан тас жолы бойынан айдап бара жатқан жерінен ұстады.
Ұрланған көлік тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.
Полицейлер оның тағы бір автокөлікті айдап кету қылмысына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда млн теңге тұратын дөңгелектерді ұрлап кеткендер ұсталды
- Жеңілдетілген несиемен көлік алмақ болған астаналық оңбай алданды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

