Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден Азия біріншілігінде 11 медаль еншіледі
Қырғызстанның Бішкек қаласында 15–19 мамыр күндері гір спортынан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Азия біріншілігі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапында бақ сынаған Түркістан облысы Созақ ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Өңір коммуникациялар қызметінің ақпаратынша, ұзын айналым бағдарламасы бойынша жастар арасында 63 келі салмақта сынға түскен Бақыт Мақсатұлы үздік өнер көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль салды. Ал Әбілхан Асылбек, Сырым Құдайберген, Ержан Қабылбек, Өскен Тілеген, Ерсайын Қоңыратбай, Сұлтанбек Ермекұлы сынды жас спортшылар 7 күмісті қанжығасына байлады.
Үздік үштіктер қатарына Нұрдаулет Қанат, Нышанай Мейрамбай, Нұртас Қасымхан, Мағжан Тамабай секілді өрендер енді.

