Түркістандық оқушылар робот құрастырудан жарысты
11.07.2024 23:35
Фото:
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника және авиациялық техникадан байқау өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлікке машықтандыру, робототехника және бағдарламалау қабілетін дамыту, сондай-ақ дарынды оқушыларды анықтау.
Байқауға жалпы және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 8-9 сынып оқушылары арасынан 17 өтінім түсіп, 10 команда бақ сынады.
Қатысушылар 3 кезең бойынша роботтарды құрастырып, оларға бағдарлама енгізді. Сонымен қатар құрастырылған робот кедергілерден өтіп, оқушылар машинаны басқарумен де сынға түсті. Бұдан бөлек, роботтар стандартты алгоритмдер мен бағдарламалық шешімдерді орындады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, байқау қорытындысы бойынша төлебилік «ARDUOUS MASTERS» командасы жеңімпаз атанып, 500 мың теңгеге ие болды. Ал Кентау қаласынан келген «TURKISTAN ROBO PRIME» командасы екінші орынға жайғасып, 300 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық жеңіп алды.
Үздік үштікті Бәйдібек ауданынан келген «ROBO BRAND» командасы қорытындылап, 200 мың теңге көлемінде сыйақыға қол жеткізді.
Жалпы жарысқа қатысқан барлық команда 70 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

