Жаңалықтар

Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетіне шақырту алды

Түркістандық оқушы әлемнің 40 университетіне шақырту алды
Фото: Түркістан облыстық білім басқармасы 22.06.2024 19:37 1822

Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Ислам Абдурахманов әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектеп түлегі 7-сыныптан бастап түрлі бағыттарда түрлі жетістіктерге қол жеткізген. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысқан. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қола жүлдеге ие болған.

8-сыныпта ІТ саласына қызығушылығым оянып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен “Hackathon” атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс-шарада алған тәжірибем “Қазақстан білім олимпиадасынан” І-орын иеленуіме себепкер болды. 9-сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім. Түркістан қаласының “Eco Turkistan” клубының мүшесі болдым және ол жерде біраз тәжірибе ала отыра, Кентау қаласында өзімнің “Green Team” атты жеке эко клубымды аштым. 10-сыныпта үш жыл бойы жинаған жетістіктерімді ескере отырып, өзімді мектеп көшбасшысы рөліне ұсынып, мектеп президенті атандым. «Республикалық жас көшбасшылар» құрылтайына шақырту алдым. Осы іс-шараның аясында белсенді жастармен тәжірибе алмаса министрмен кездестім. Лицей президенті ретінде ішкі білім және спорт бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруда елеулі еңбек атқардым. Республикалық және облыстық футбол жарысында алтын мен қолаға қол жеткіздім , - дейді Ислам Абдурахманов.

Мектеп түлегінің таңдауы АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Хьюстон қаласындағы “North American University(NAU)” оқу орнынан түсіп отыр. Үздік оқушымыз шет елде білім алып, отанға оралып, еңбек етуді көздеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға