Түркістандық бір әулеттің үш ұлы әлем чемпионы атанды
17.09.2025 22:10
Фото:
Шардара ауданы әкімдігі
Болгарияда армрестлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында "Шардара Армспорт" құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үш спортшының бұл жеңісі қазақ спорты үшін тарихи оқиға болып отыр. Себебі бұған дейін ел тарихында бір әулеттің үш ұлы бір жарыста чемпион атанбаған.
Дүбірлі додада ел намысын қорғаған спортшылардың ең кенжесі - Ибрагим Бекнұр. 14 жасар спортшы жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Оның ағасы Ибрагим Азамат – 15 жаста. Ол жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта жеңіске жетті. Ибрагим Әділет – 18 жаста, жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта әлем чемпионы атағына ие болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

