Түркістандық әйел үшем босанып, 11 баланың анасы атанды
13.08.2025 20:25
Фото:
Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысының №1 облыстық перинаталдық орталығында Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем босанды. Көпбалалы ана бұған дейін 8 баланы өмірге әкелген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үшем ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Облыс әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері №1 облыстық перинаталдық орталығында 4050 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 72-сі – егіздер. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 271 балаға көп.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

