Жаңалықтар

Түркістандық 2-сынып оқушысы қырғауылды үй жағдайында зерттеп жүр

Түркістандық 2-сынып оқушысы қырғауылды үй жағдайында зерттеп жүр
Фото: Оқушының жеке мұрағаты 12.01.2024 01:20 1025

Түркістан облысы Төлеби ауданында бастауыш сынып оқушысы қырғауылды үй жағдайында зерттеп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аудан орталығы Леңгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 2-сынып оқушысы Балару Әділхасым қырғауылды үй жағдайында жыл бойы өсіріп, көбейтуге болатынына көз жеткізіп отыр.

Түркістан облыстық білім басқармасының хабарлауынша, бастауыш оқушысы Баларудың үйде қырғауыл өсіруге деген қызығушылығы ата-анасы тарапынан қолдау тапқан. Ал оқушының құстың бұл түрін зерттеуге деген ынтасын ұстазы, тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Зәуре Көкеева оятқан.

Мен алтын түсті қырғауылды үй жағдайында зерттей отырып, бұл құсты жылдың әр мезгілінде өсірудің ерекшеліктерін білдім. Осылайша қырғауылдарды азықтандыруды, біртіндеп көбейтуді үйрендім. Жан-жақты оқып, зерттей жүріп бұл құсты өсірудің шығыны мен пайдасын анықтадым. Қазіргі кезде үйімізде жиырмаға жуық қырғауылымыз бар, - дейді Балару Әділхасым.

Оқи отырыңыз: 

Бір айта кетерлігі, жас зерттеушінің «Қырғауылды үй жағдайында өсіру және көбейту» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде экология секциясы бойынша І-орынды жеңіп алған. Нәтижесінде оқушы қызға республикалық кезеңге жолдама берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға