Түркістандағы жол апаты: 16 адам ауруханаға жеткізілді
18.10.2023 18:02
Фото:
Түркістан ПД баспасөз қызметі
Түркістанда болған жол апаты кезінде автобус жер үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті. Жол апатының салдарынан 16 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін Түркістан қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болды. «Хундай Акцент» автокөлігі №17 маршруттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, нәтижесінде автобус жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішіне кіріп кетті.
Қазір жеңіл көлік жүргізушісі Түркістан қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ал, 6 адам сынық-сырқат бөліміне жатқызылған. 9 адам дәрігерлерге қаралған соң үйлеріне қайтарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

