Жаңалықтар

Түркістанда жеңіл жүріспен айналысқан 8 шетелдік қыз елден шығарылды

Түркістанда жеңіл жүріспен айналысқан 8 шетелдік қыз елден шығарылды
Фото: Түркістан облысы полиция департаменті 26.06.2023 18:00 1168

Түркістан облысында жеңіл жүріспен айналысқан 8 шетелдік қыз елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысында «Халықтың көші-қоны туралы» заң талаптарын бұзған 711 шетелдік пен Қазақстан азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша 506 шетелдікке шара қарастырылды.

Мәселен, полиция қызметкерлері Сайрам ауданында көші-қон заңын бұзғаны үшін 8 жеңіл жүрісті қызды, яғни Өзбекстан Республикасының азаматтарын сот шешімімен елден шығарды. Ал Келес ауданында уәкілетті органның рұқсатынсыз құрылыс жұмыстарымен заңсыз айналысқан көрші мемлекеттің 15 азаматын анықтап, әкімшілік тәртіппен республика аумағынан шығарды.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес осы жылдың 19-25 маусым аралығында Түркістан облысының аумағында «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Басты мақсат – шетелдіктер жасаған немесе оларға қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау. ҚР аумағында заңсыз жүрген шетел азаматтары мен көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Түркістанда жеңіл жүріспен айналысқан 8 шетелдік қыз елден шығарылды

photo

photo

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға