Түркістанда жеке тұрған шаруашылық ғимаратының шатыры жанып кетті
28.04.2024 13:25
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Түркістан қаласында жеке тұрған шаруашылық ғимаратының шатыры жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, оқиға жеке тұрғын үй аумағында болған. Шаруашылық нысанының алаңы – 70 шаршы метр.
Қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

