Жаңалықтар

Түркістанда Ясауи кесенесі төңірегіндегі құрылыс жұмыстары шектеледі

Түркістанда Ясауи кесенесі төңірегіндегі құрылыс жұмыстары шектеледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 18.12.2024 11:50 108

Мәжіліс «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» және оған қатысты түзетулер бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобаларын Мемлекет басшысының тиісті тапсырмасын орындау мақсатымен Ұлттық экономика министрлігі әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жобалардың мақсаты – Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру, дамыту және оның жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдай жасау. Негізгі принциптер тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және рухани нысандардың қасиеттілігін сақтау.

Негізгі заң жобасы аясында қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер олардың құқықтық мәртебесі, қорғау режимі, пайдалану тәртібі және басқа да аспектілерін анықтайтын санаттарға бөлінеді.

Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және айналасындағы құрылысқа бөгде элементтердің енуіне жол бермеу мақсатымен шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасынан 100 метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын, сондай-ақ тарихи ескерткіштермен ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша үйлеспейтін нысандардың құрылысына тыйым салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға