Жаңалықтар

Түркістанда Ұлттық ұлан сарбаздары 3 жасар қызды аман алып қалды

Түркістанда Ұлттық ұлан сарбаздары 3 жасар қызды аман алып қалды
Фото: Видеодан кадр 04.11.2024 08:44 612

Түркістан Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұстамасы басталған 3 жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 1 қараша күні сағат 14.00 шамасында Құдайбергенов көшесіндегі дүкендердің бірінде болған.

Қолында кішкентай қыз бар ер адам Volkswagen көлігінен жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Бұл жағдайды байқаған әскери қызметшілер ойланбастан көмекке ұмтылған. Қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісіпті. Ал осы уақытта сержант Жанболат Дүйсенбай жедел жәрдем шақырған. Уақытылы көрсетілген алғашқы медициналық көмек жедел жәрдем келгенге дейін қыздың жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік берген.

Біз әрқашан мұқтаж адамдарға көмектесуге дайынбыз. Бұл біздің жұмысымыз және жауапкершілігіміз, – деп атап өтті қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков.    

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір балақайдың жағдайы тұрақты. Құтқарылған қыздың ата-анасы Түркістан қаласында орналасқан 6506 әскери бөлімінің үшінші жедел мақсаттағы батальонына арнайы келіп, сарбаздарға ерлігі үшін алғыс білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР Ұлттық ұланы (@national_guard_kaz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға