ІІМ-нің баспасөз қызметі

Түркістанда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды

14.10.2025 04:32

Түркістанда жол ережесін өрескел бұзған той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды, деп жазады El.kz интернет порталы. 

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Алматы - Шымкент автожолының 667 шақырымында үйлену той кортежінен бірнеше автомобиль жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтаған.

Белгілі болғандай, Сайрам ауданының тұрғыны үйлену тойын өткізу үшін 10-ға жуық автокөлік жалдаған. Олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұза отырып, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызған. Қазіргі уақытта барлық жүргізушілер анықталып, жауапқа тартылды, - деп жазылған ІІМ хабарламасында. 

Кейін аталған автомобильдер айыптұрағына қойылды. Сондай-ақ ұйымдастырушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Бұл ретте полиция барлық азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады, сондай-ақ ереже бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп отыр.