Түркістанда спорттық киім дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды
03.04.2025 00:17
Фото:
Түркістан облыстық Полиция департаменті
Түркістан облысы Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында дүкеннен ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, оқиға түнгі сағат 2:30 шамасында орын алған. Ер адам пластик терезесі сындыру арқылы дүке ішінен кірген. Сатылымда тұрған құны 20 мың теңге тұратын 10 шақты ерлерге арналған спорттық киімдерді алып кеткен. Ол бұл қылмысын мас күйінде жасаған.
Полиция қызметкерлері күдіктіні дер кезінде анықтап, айғақты заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-делінген полиция мәліметінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

