Жаңалықтар

Түркістанда шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістанда шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі 07.04.2024 06:20 663

Түркістан облысында шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрілеу жұмыстарын халыққа көрсету мақсатында өңірде БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур өтті. Тур аясында журналистер Арыс қаласындағы Байырқұм ауылына барды.

Бүгінде Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Отырар, Шардара, Мақтаарал, Келес аудандарында дезинсекция жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде дәрілеу және ғылыми сүйемелдеу жұмыстары үшін облыстық бюджет есебінен 655 млн теңге бөлінген. Аталған бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз ету үшін 42 техника, 96 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңда 10 мың тоннадан астам биологиялық бактицид препаратын суға себу жұмыстары жүргізілген,- деді облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Дәулетқұл Тайшыман.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыста шіркейлермен күресу үшін ақпан айынан бастап ғылыми сүйемелдеу жұмыстары жүргізілген болатын. Одан бөлек  наурыз-сәуір айларында алғашқы биологиялық дәрілер суға себілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға