Видеодан кадр

Түркістанда сауда орнындағы өрт соңы жарылысқа ұласа жаздады

13.08.2025 03:16

Түркістан қаласында сауда орнында өрт шықты. Аталған ғимаратта дүкен мен асхана орналасқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Қызыл жалынның көрші нысандарға таралу қаупі болған. Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер өрттің таралуына жол бермей, 80 шаршы метр алаңдағы жалынды тез арада сөндірді. Сондай-ақ өрт шыққан сауда орнынан 2 газ баллонын сыртқа шығырып, жарылыстың алдын алды. 

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.