Түркістанда Құран кітаптарына арналған көрме ашылды
13.03.2024 07:25
Фото:
Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында Құран кітаптарына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Қасиетті Құран – қос дүниенің нұры» атты шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, орталық директоры Гүлжанат Дүйсенбаева мен Халықаралық туризм және меймандостық университетінің білім алушылары қатысты.
Көрмеде кітаптардың шығу тарихы мен құндылықтары баяндалды.
«Ұлы Дала Елі» орталығынның басшысы Гүлжанат Ибраһимқызының айтуынша, Рамазан айына орай ұйымдастырылған көрмені 22 наурызға дейін тамашалауға болады. Онда көне әрі сирек кездесетін Құран кітаптары қойылған.
Оқи отырыңыз:
- «Тіс пастасын қолдану, құлаққа, көзге дәрi тамызу». Ораза қай кезде бұзылады?
- Қазақстанда енді имамдардың бәріне бірдей уағыз айтуға рұқсат берілмейді
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

