Түркістанда қарақшылар әйелдің қол-аяғын байлап, 2 млн теңгесін алып кетті
EL.KZ Информационно-познавательный портал
24.04.2023 12:30
Фото:
El.kz
Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен Қызылорда облысының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға наурыз айында Келес ауданында болды.
Полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, күндіз оның үйіне белгісіз біреу кіріп, әйеліне күш көрсетіп, қол-аяғын байлап, жатын бөлмеден 2 миллион теңге ұрлап кеткен.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркелді.
Шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде полицейлер бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Күдікті қылмысын толық мойындады. Одан әрі іздестіру кезінде күдіктінің сыбайласы – Келес ауданының тұрғыны тұтқындалды.
Қазір қарақшылық шабуыл бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Күдіктілер қамауға алынды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

