ntime.kz

Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің І парламентаралық форумы өтеді

25.01.2023 16:43

Түркістан қаласында аймақ елдері парламенттерінің басшылығы қатысатын Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші парламентаралық форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 ақпанда Парламентаралық форумның отырысы өтеді. Мұнда Орталық Азия елдерінің жан-жақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайту мәселелері және осы үдерістегі парламенттердің рөлі, сондай-ақ парламентарийлердің ортақ тарихи-мәдени мұраға негізделген мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтудегі рөлі талқыланады.