Түркістанда өрт сөндірушілер қонақ үйді аман алып қалды
22.04.2025 07:32
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Түркістан қаласында өрт сөндірушілер қонақ үйді өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығындағы Бекзат Саттарханов даңғылында орналасқан қонақ үйге жапсарлас салынған 1 қабатты дәмхана шатыры оқыстан отқа оранды.
Құтқарушылардың жедел әрі сауатты әркеттерінің арқасында дәмханамен бір шатырдың астында орналасқан қонақ үйдің орын-жайларына оттың таралуына жол берілген жоқ. Өрт толыұ сөндіріліап, салдарынан ешкім зардап шекпеді, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.


