Жаңалықтар

Түркістанда микрочип өндірісі қолға алынбақ

Түркістанда микрочип өндірісі қолға алынбақ
Фото: © Pixabay.com 12.07.2024 08:45 543

Қытайлық компания Түркістан облысында микрочип өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақ басшысы Дархан Сатыбалды бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына сапары аясында өңірде бірнеше өндіріс орындарын ашу бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Жұмыс сапары барысында делегация Қытайдың Ухань қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар алқабында болды. Онда әлемдік нарықта өндірілетін барлық мобильді телефон, тұрмыстық техникаға арналған қажетті электрондық жарақтардың басым бөлігі өндіріледі.

Екіжақты іскерлік кездесу барысында қытайлық IT компанияларға Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өзара ынтымақтастық келісімшарт жасалды. Құжат негізінде алдағы уақытта Түркістан қаласында микрочип өндірісін қолға алу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Ухань қаласында 132 жоғары білім ордасы шоғырланып, 2 млн студент тұрады. Соның ішінде 11 университет IT саласына маманданған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға