Жаңалықтар

Түркістанда мәслихат депутаты кәсіпкерді таяқтың астына алған

Түркістанда мәслихат депутаты кәсіпкерді таяқтың астына алған
Фото: Видеодан кадр 25.07.2023 12:31 2869

Түркістан облысында депутат кәсіпкерді соққыға жықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылында болған. Аудандық мәслихат депутаты Яссауи Мүслім ауылдасы Мұстафа Әлжановты жұрттың көзінше сабаған. Кикілжіңге кәсіпкердің малы себеп болған. Яғни, 150 бас ірі қараны ауыл ішіндегі қораға әкелгеніне тұрғындар наразылық танытқан. Бұл іске халық қалаулысы араласып, арты төбелеске ұласқан. Оңбай таяқ жеген кәсіпкер оншақты күн ауруханаға жатып шығып, полицияға арыз түсірген. Алайда, депутат кінәсін мойындамаған.

Оқи отырыңыз:

45 жастағы жәбірленуші депутаттың лайықты жаза алатынына сенбейді. Өз кезегінде, басы дауға қалған депутат Яссауи Мүслім ұрмақ түгілі саусағым да тиген жоқ деп ақталды.

Бірбіріміздің жағамыздан ұстастық, мен қолымды итеріп жіберіп едім, құлады, болды, бетпен құлады. Сөйтіп тұрды, қасы жыртылды, екеуміз екі жаққа бұрылдық та кеттік. Ол кісі мен саған көрсетем деді, мейлі оны өзіңіз білесіз дедім, - дейді депутат.

Қазір, бұл іс бойынша аудандық полиция басқармасы "денсаулыққа орташа дәрежелі зиян келтіру" бабымен қылмыстық іс қозғады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға