Жаңалықтар

Түркістанда креативті туризм саласында бірқатар іс-шара өтті

Түркістанда креативті туризм саласында бірқатар іс-шара өтті
Фото: gov.kz 03.12.2023 20:06 750

Түркістан облысында Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Kazakh Tourism ҰК» АҚ  және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Travel fest креативті туризм саласындағы бірқатар маңызды іс-шара сериясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Креативті туризм саласындағы іс-шаралар тізбегін қоршаған ортаны қорғау тақырыбына арналған «эго-дан эко-ға дейінгі» экологиялық фотосуреттер көрмесі ашып берді. Жоба қатысушыларының жұмысы негізінен табиғатқа бей-жай қарамауды насихаттайды. Сонымен қатар Халықаралық туризм және меймандостық университетінде құнды дәрістер мен семинарлар өтіп, форум аясында ұйымдастырлған байқау жеңімпаздары марапатталды.

Karavansaray туристік кешенінің аумағында отандық өндірушілер, дизайнерлер, қолөнершілер мен зергерлердің қатысуымен «Made in KZ» фестиваль-жәрмеңкесі көршілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ Karavansaray кешені аумағында әлемдегі ірі қалалар өмірінің ажырамас бөлігіне айналған, әсіресе елдің креатив индустриясының негізі саналатын Street Performance Fest іс-шарасы өтті. Дәл сол күні Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары breaking, hip hop, all styles стильдері бойынша би фестивалін тамашалады.

Іс-шара аясында Түркістан облысы бойынша экологиялық автотур ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген кәсіби авто саяхатшылар қатысты. Олар оңтүстік өңірдегі Ақмешіт үңгірлері, Леңгір (Біркөлік), Ақсу-Жабағылы, Қазығұрт, Сарыағаш, сондай-ақ Арыстан баб, Сауран, Қожа Ахмет Яссауи, Күлтөбе сияқты табиғи орындары мен тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысты.

Сондай-ақ Түркістан қаласының Конгресс-орталығында «Kazakhstan Creative Tourism Forum 2023» креативті туризм бойынша ауқымды форумы ұйымдастырылды. Форумның мақсаты – саяхатшылардың жаңа буынын қалыптастыру, туристік ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда креативті кластерлер мен креативті индустриялар орталықтарын құру және дамыту, елімізде туризмнің барлық түрін дамыту және ілгерілету мақсатында сарапшылар қауымдастығын бір алаңда жинау.

«Президенттің креативті индустрияны әр облыс орталығында дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Түркістанда креативті индустрияның үлкен фестивалі өтті. Бұл бағытты дамыту мемлекет тарапынан талантты жастарды қолдауда өте маңызды. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу», - деп атап өтті Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға