Жаңалықтар

Түркістанда креативті хаб ашылды

Түркістанда креативті хаб ашылды
Фото: Видеодан кадр 14.12.2024 10:16 132

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістанда ÓzgeEpic креативті хабы ашылды. Бұл – еліміздегі он бірінші хаб. Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты іс-шараға Парламент епутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Қазпошта» АҚ, жергілікті атқарушы органдар және өңірдің креаторлары қатысты.

Түркістандағы креатив хаб Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ арасындағы келісім аясында ашылды. Орталық акционерлік қоғам филиалдарының бірінде орналасқан. Ынтымақтастық бойынша ортақ жобалар жасалатын болады.

Хабтың ашылуында инклюзивті креатив индустриясын қолдауға бағытталған «Көрінбейтін әлем» көрмесі де ұсынылды.Аталмыш алаңның ауданы – 400 шаршы метр. Негізгі назар түрлі халықтардың қолөнер туындыларына аударылған.

Түркістан облысында барлығы 1341 креатив индустрия субъектісі тіркелген. Өңір киім тігу және аксессуарлар жасау бағыттары бойынша көш бастап тұр.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев креатив индустрияларды дамытуға ерекше назар аударып, Қазақстанның барлық ірі қалаларында хабтар ашу міндетін қойған болатын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға