Жаңалықтар

Түркістанда керамикалық өнімдер шығарылады

Түркістанда керамикалық өнімдер шығарылады
Фото: Түркістан облысы әкімдігі 10.10.2023 13:21 776

Түркістан облысында тәулігіне 30 мың шаршы метрден астам керамикалық плитка шығаратын зауыт салынады. Инвестициялық жобаның құны 17 млрд теңгені құрайды. Жаңа зауытта 700-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзбекстандық «Orient pro» компаниясының құрылтайшысы Улугбек Расуловпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жобаны жан-жақты талқылап, ұсыныстарын жеткізді.

Аталған компания Түркістанға ауқымды инвестициясын салып, бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Атап айтсақ, өңірде керамикалық өнімдер мен шыны шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өндіріске қажетті шикізат жергілікті жерден алынады. Зауыт замануи технологиямен жабдықталады. Өндіріс шығынсыз, әрі экологиялық таза. Халықаралық сапа стандарттарына сай өнім шығарады.

Жаңа зауыт Түркістан өңіріндегі құрылыс алаңдарында қолданылатын отандық өнімдердің үлесін арттырмақ. Облыс әкімі инвестициялық жобаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізіп, компанияның нақты жобаларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Бұл жобалар өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп, қолайлы жағдай жасалады. Жобаларды іске асыруға арналған инфрақұрылым бойынша сұраныстарыңызды толық орындаймыз. Арнайы экономикалық аймақтан жер, инфрақұрылым ұсынамыз. Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығының Түркістан облысының дамуында ерекше маңызы бар екенін атап өткім келеді. Түркістан – қасиетті шаһар. Қасиетті қалада айтылған уәделер, сөздер орындалуы керек. Әріптестігіміз нығайып, жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.

Жобаны іске асыруға Түркістан облысының арнайы экономикалық аймағынан жер бөлу жоспарлануда. Түркістан өңірінде индустриалды аймақтардардың аумағы кеңейтілген. Сонымен қатар инвестициялар тартудың қолайлы экожүйесін құру жүзеге асуда. Инвесторларға индустриалдық аймақтар мен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы аумақтарында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдары ұсынылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға