Түркістанда есірткі қолданған көлік жүргізушісі ұсталды
20.10.2023 22:36
Фото:
Видеодан алынған кадр
Түркістанда полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі қолданған көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кезекшілер патрульдік полиция қызметкерлеріне барлық мән-жайды айтып, сол аумаққа бағыттады.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғыны, көлік жүргізушісінің жеке басын анықтады. Тексеру кезінде ер азаматтан есірткіге ұқсас зат табылды. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, алынған зат марихуана болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы «есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

