Түркістанда ер адам ауылдасының көлігін айдап әкетіп, өртеп жіберген
15.05.2023 17:15
Фото:
© Pixabay.com
Түркістан облысында ер адам ауылдасының көлігін айдап әкетіп, өртеп тастаған. Ер адам мас болған, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Отырар" басылымының мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ауылдасы күндізгі уақытта үйінің алдында тұрған «ВАЗ» маркалы автокөлігін заңсыз айдап кетіп, артынан өртеп жіберген. Келтірілген шығын көлемі 1.500 000 теңгені құрайды.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-ның 200-бабы «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқықтыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары болған оқиғаны «ізін суытпай» ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам жәбірленушімен бұрын араздасып қалғаны есіне түсіп, мас халде оның автокөлігін ұрлап кетіп, зақым келтірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

