Жаңалықтар

Түркістанда діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды

Түркістанда діни ағымның мүшесі есірткімен ұсталды
Фото: © Polisia.kz 13.06.2023 17:30 781

Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағымның өкілінен есірткі тәркіледі, El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған, деструктивті-діни ағымның жақтаушысы ретінде есепте тұрған Шардара ауданының тұрғыны болып шықты.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, күдіктінің үйінің ауласынан құрамында есірткі заты бар өсімдікке ұқсас 9 түп табылды. Сондай-ақ жедел қызметкерлер тінту кезінде шыны ыдыс және полиэтилен пакетке салынған есірткі заттарын тәркіледі. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі заттарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша тіркеді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары марихуана болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға