Жаңалықтар

Түркістанда бокстан олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің турнирі өтіп жатыр

Түркістанда бокстан олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің турнирі өтіп жатыр
Фото: ҰОК 27.06.2024 00:51 306

Түркістан облысында Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы ХІІ халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар арнайы келді. Оның ішінде Қазақстан боксының жарқын жұлдыздары Ермахан Ибраимов, Болат Жұмаділов, Біржан Жақыпов, Тұрсынғали Еділов және тағы басқа танымал азаматтар қатысты.

Қазақта нар тұлғалы батыр деген түсінік бар. Дәл осы сипатқа Мұхтархан Қобыланбекұлы сай келеді. Сіз отандық бокстың дамуына спортшы ретінде де, қазіргі уақытта федерация вице-президенті ретінде де өлшеусіз үлес қосып келесіз, - деді ашылу салтанатында сөз алған Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Халықаралық турнирге 7 мемлекеттен 118 боксшы қатысуда. Жеңімпаздар 28 маусым күні анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға