Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді
Түркістан облысы Отырар ауданында ауыл ұстаздарына Дубайға жолдама берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан ауданның үш оқушысы 2 орын, екі оқушысы 3 орын иеленді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев олимпиада жүлдегерлерін және олардың жетекші ұстаздарын қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
Ауданның бас ұстазы жүлдегер оқушылардың жетекші ұстаздары Клара Әбішоваға, Арайлым Мылтықбаеваға, Замира Таскентбаеваға, Индира Қаныбековаға, Әділ Жұмәділаевқа демеушілер есебінен Дубай қаласына тегін жолдама табыстады.
Айта кетсек, Отырар ауданында 40 мектеп бар. Қазіргі таңда білім ұяларында 2500 ұстаз еңбек етіп, 12600 оқушы білім алуда.