Жаңалықтар

Түркістанда әкімнің орынбасары анасының атына 370 га жер рәсімдеген. Журналист бар шындықты айтып берді

Түркістанда әкімнің орынбасары анасының атына 370 га жер рәсімдеген. Журналист бар шындықты айтып берді
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 09.08.2023 18:00 2081

Жақында Түркістан облысында әкімнің орынбасары анасының атына 370 гектар жер рәсімдеген деген ақпарат тарады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде «Жемқорлық және заң» газетінің бас редакторы Қаламқас Ботабекова осы мәселені көтерді. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі журналистпен тілдесіп, мәселенің анық-қанығын сұрап білді.

Оның айтуынша Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садыбаев анасының атына нақты 320 гектар жер рәсімдеген болып шықты. Рәсімдегеніне біраз жыл болған екен.

Сол тұста Садыбаев Ескі Иқан ауылында ауыл әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Кейін біздің зерттеу жұмыстарымыздан жерге байланысты қаулы мұрағатта жоқ болып шығады. Басқа біреудің жеріне шыққан қаулы нөмірімен шығарып жіберген көрінеді. Яғни, комиссия хаттамасына кірмеген, шешімі жоқ. Бірақ құжат рәсімделген. Бұл өз кезегінде түбегейлі заңсыз болып есептеледі, – дейді Қаламқас Ботабекова.

Осыған қатысты қазіргі таңда жер инспекциясы бұл жайтқа көз жеткізіп, бүгінде Түркістан облысының жер инспекциясы сотқа талап-арыз түсіріп қойғанын айтады.

Ал қалған 50 гектарға қатысты жерлер тағы анықталып жатыр. Оны біз жер инспекциясына өткізу бойынша жұмыс жасап жатырмыз, – дейді ол.

Журналист  біраз жылдан бері жер саудасына қатысты зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Өзінің сөзінше қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіпкерлік мақсатындағы жерлер аукцион арқылы арендаға, тұрғын үй салу мақсатындағы жерлер кезектілік бойынша жеке меншікке берілуі керек.

Жер бөлімінің басшысы Ш.Әлиханов жер комиссиясының төрағасы аудан әкімінің орынбасары Серік Садыбаевтың қолдауымен және аудан әкімінің мақұлдауымен кәсіпкерлік мақсатында табысталатын жерлерді «бау-бақша егу үшін» деген мақсатпен жер комиссиясына кіргізіп, комиссияның оң қорытындысын алып, жерге құқық беретін құжат (аудан деңгейіндегі жерге қаулы, ауылдық округ бойынша шешім) шығарып беріп, араға бір айдан бір жарым жыл уақытты салып бау-бақша егу үшін берілген жерлер жер комиссиясының қарауына нысаналы мақсатын ауыстыру арызымен құрылыс ғимараттарын салу немесе кәсіпкерлік мақсатындағы тағы да басқа мақсатпен заң талаптарын айналып өтіп, кәсіпкерлерге жер сатып отырған жайы бар, – дейді Қаламқас Ботабекова.

Демек, оның айтуынша, жалға берілген жердің нысаналы мақсаты ауысатын болса, заң талаптарына сәйкес жеке меншікке сатылуға кедергі жоқ. Ауыл шаруашылығы мақсатында жалға берілген жерлердің жалдау уақытының бітуіне байланысты құқығын ұзарту бойынша мынадай құқықбұзушылықтарға жол берілгенін айтты:

Жер кодекісіне сәйкес жалға алынған жердің келісім шартта көрсетілген уақытының бітуіне 3 ай мерзім қалғанда, жалға алушы шартты создыруға ниетінің бары туралы арыз жазады. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланушылардың көбісі келісім шартта көрсетілген шарттың бітуі уақытын өткізіп аллып өтініш түсіреді. Кейбір жалға алушылар шарттың уақыты біткеннен кейін бір аптадан 4 жыл уақыт өткесін шарттың уақытын созып беру туралы өтініш түсіртеді. Жалға алу шартының уақыты біткеннен кейін ҚР Азаматтық кодексіндегі шарттың талабына сәйкес жер мемлекет меншігіне өтуі керек», – деп есептейді журналист.

Яғни, бұрынғы жалға алушы жер кодекісінің талабына сәйкес конкурсқа қатысып барып, конкурстың нәтижесі бойынша жерді басынан жалға алуы қажет.

Конкурстан жеңімпаз болатынына күмәні бар жалға алушылар Ш.Әлихановпен, С.Садыбаевпен немесе аудан әкімімен сөйлесіп, мерзімі біткен шарттың уақытының өтіп кеткеніне қарамастан жер комиссиясының қарауына кіргізіп, заң талаптарын бұзып, жаңа шартқа отырып жерді пайдалану құқығының уақытын созып береді, – дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға