Жаңалықтар

Түркістанда 5 адамға бүйрек алмастыру отасы жасалды

Түркістанда 5 адамға бүйрек алмастыру отасы жасалды
Фото: © El.kz 12.08.2023 05:30 792

Түркістан облысының дәрігерлері 5 адамның бүйрегін алмастырды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 5 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды.

Алғашқы ота мамыр айында жасалып, сәтті шыққан. Оған А.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығының басшысы, профессор Б.Баймаханов қатысты. Содан бүгінгі күнге дейін бес науқастың бүйрегі алмастырылды. Трансплантацияланған науқастар жазылып, қалыпты өмірлерін жалғастырып жатыр. Қазір бақылауда жатқан екі науқас бар, олар да жақын арада үйіне қайтады.

Соңғы кезде еліміздің медицина саласында қол жеткізген жетістіктер аз емес. Алдыңғы қатарлы озық технологиялардың арқасында жүрек, бүйрек алмастыру оталары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ағза ауыстыруды қажет ететін науқастарды одан әрі іріктеу жұмыстары жүргізілуде, - деді облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері Ж.Ділдабеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға