Жаңалықтар

Түркістанда 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұсталды

Бұл туралы polisia.kz мәлім етті
Түркістанда 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұсталды
Фото: polisia.kz 04.02.2023 12:11 1287

Түркістандық полицейлер 300-ден астам трамадол сатқан дәрігерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтады.

– Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов

Аталған факті бойынша жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға